1

Тема: МИР

Мақсаттар бойынша өзін-өзі бағалау дегенді қалай түсінуге болады?

2

Re: МИР

Бұл əдіс тапсырманы түсіндірген соң оқушылар оны орындауда ұмтылатын қарапайым
мақсаттар белгілеуді көздейді. Жұмыс аяқталған кезде оқушылар ол мақсаттарға
қаншалықты қол жеткізгені туралы ойланады. Бағамдау нəтижелерімен бөлісу үшін олар
бағдаршамды пайдалана алады немесе саусақтарын төмен/жоғары көрсете алады.
Оқушылардың нені жақсартқысы келетінін айтуы мұғалімге олардың қарастырылып
отырған мəселені қаншалықты түсінгенін бағамдауға көмектеседі, мұны «егер 5
минутыңыз болса» əдісі арқылы орындауға болады.