Тема: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Құрметті 1-топ тыңдаушылары, І бетпе-бет кезеңіндегі Тиімді оқыту бағдарламасының идеясын тереңінен түсінуге, озық тәжірибенің тиімділігін жіті меңгеруге шақырамын. Осы тақырып аясында пікір алмасуға шақырамын....

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Саламатсызба Әкпей

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Менің ОМЖ-ды тексеріп беріңізші

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

А есебімді тексеріңізші

5

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Сындарлы оқытуға құрылған сабақ 7 модульге негізделіп жоспарланады: ынтымақтастық атмосферасын және сыныптың алтын ережесін құрудан басталып, түрлі интербелсенді әдістерді тиімді қолдануыңыз оқушының оқуына жағдай жасау мақсатын көздейді - яғни бұл оқушының жас ерекшелігіне сай оқыту модуліне сәйкес келеді. Егер оқушыны жаңа ақпаратты біліп, түсініп, қолданып қана қоймай оны талдап, бар білетінін жинақтап жаңа бір дүниені жасап-ұсынатындай, тіпті оған баға беретіндей әрекетке  дейін жеткізсеңіз (тапсырмалар мен жоғары ойлауға итермелейтін сұрақтар қою арқылы) - сын тұрғысынан ойлау модулін енгізгеніңіз. Күрделі тапсырмаларды немесе кейбір оқушыларға арнайы тапсырма қолдансаңыз - талантты, дарынды баланы оқыту модулі, ал сабақта тек 4-5 сияқты бағалаумен шектелмей, оқушының өзінің білуіне-оқуына деген ынтасына, әрбір әрекетіне қолдау жасап (әр жұмысына сөзбен, тапсырмамен, сұрақпен) отырсаңыз, тіпті баланың өз оқуына жауапкершілігін арттыратын жағдай жасасаңыз (табыс критерийін ұсынып) оқу үшін бағалауды қолданған боласыз. АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушының оқуын жақсартуыңыз керек. Сабақ барысында оқушы белсенді әрекеттенуші болса: мұғалім оқушыны оқуға деген уәжін арттыратын өздігінен оқуға итермелейтін әдіс-тәсілдерді қолдануы, тиімді диалогті ұйымдастыра алуы, нәтижесінде оқушы қалай оқу керектігін өзі түсініп отыруы(талдауға, жаңа ақпаратты анықтауға, ұсынуға ...белсенді қатысуы) - оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулі. Егер осы модульдерді қолданудың тиімділігін түсініп, өз сабақтарыңызды бақылап, оны жақсарту үшін келесі қадамды жоспарлауыңыз ... - оқытуды басқаруыңыз, сіздің көшбасшылығыңыз. Іске сәт! P.s. Қуаныштың  бір сұрағына жауап ретінде....

6

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Сәлематсіз  ба Сағадат Мейрамбаевна!  Түсінбеген тапсырмаларым болса хабарласамын.

7

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Тест кай сайттан табамыз.

8

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

осы сайтта

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Саламатсызба Сағадат әкпей

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Саламатсызба Сағадат әкпей. Қалыңыз қалай.
Сайттағы тест дайындалуға жақсы екен

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Өткен 4 сабақтың ҚЖМ-сын сізге жібереміз бе?

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Саламатсызба! Сағадат әкпей
бір сабақта қанша әдіс тәсіл болу керек маған уақыт жетпей жатыр 40 мин.қазір

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Топқа бөлу тақырыппен сəйкес болу керек пе?

14

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Қуаныш, сабақтың мақсатын орындау үшін жоспарланған тапсырмалар санына мән беріңіз. Күтілетін нәтижеге жетуіңіз керек бұл ең бастысы. ал әдіс-тәсілдер негізгі мақсатқа жету үшін қолданылуы тиіс. сондықтан әдістер санына емес, тиімділігіне қараңыз.
Ал топқа бөлуге келсек, өзіңіздің шеберлігіңізге қарай топтастыруды түрлендіресіз, тақырыпқа сай болса тіпті жақсы, ал егер топтасудың тиімді жолы ретінде бір тәсілді таңдасаңыз ол да болады, топтасудағы басты мақсат - оқушылардың оқуға - жаңа ақпаратты танып-меңгеруіне қолайлы жағдай жасауы.

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Саламатсызба әкпей В есебімді жібердім тексеріп көріңізші

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

С есебін жібердім

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

В-с есебіне дәлелді суреттер қойса бола ма?

18

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Әрине, С есебінде мұғалімнің идея бойынша рефлексиясы басты критерий болып табылады. сондықтан Бағдарлама идеясы бойынша өз рефлексияңызды және идеяның тұжырымдарына сүйене отырып ұсынасыз. Сонымен қатар үшіншіден тәжірибедегі әрекеттермен дәлелдейсіз. Бұл есепте сенімді дәлел болатын фото суреттерді қоя аласыз. Сәттілік!

19

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Сәлеметсіз бе! Кейіпкерлерді талдауда "Қос жазба күнделігін" қалай пайдалансам болады? В есебін жазу үшін А есебінде жазған сөздерімді алып, қысқартып қолданса бола ма? Кешіктіргенім үшін ренжімеңіз

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Саламатсызба Сағадат Мейрамбаевна мен таныстырылымды жібердім

21

Re: Тиімді оқыту/1-топ/2017/І бетпе-бет кезеңі

Акмарал, Қос жазба күнделігін түрлі мақсатта қолдануға болады. Сіздің мақсатыңыз қандай? кейіпкерлер бірнешеу болса оларды салыстыру керек пе? байланыстыру керек пе? әлде тек әрқайсысына мінездеме беру керек пе? осы не басқа да мақсатқа сай қолданасыз. сонымен қатар жұл жазба түрін қолданудың бір мақсаты - оқушыларды болжау арқылы сын тұрғысынан ойлауға бағыттау. Оқушы проблеманы (не болады деп ойлайсың?) болжамдайды, жоспарлайды, сосын нақты оқиғаны анықтап өзінің бастапқы ойымен салыстырады, сонда кейіпкердің іс-әрекетіне алдымен оқушы өзі мінездеме береді сосын оның келесі рекеттерімен мәтіннен танысады, әрі қарай талдау жүреді. Ал А есебіне келсек, сөздерді қысқарту дегеніңізді түсінбедім, мүмкін В есебінде А есептегі жоспарлаудың орындалғаны туралы жазамын ба? деген ойыңыз шығар. Әрине, В есебіндегі 500 сөз жоспардың орындалуы туралы жазбаңыз. тек сипаттаудан гөру талдау маңызды екенін ескеріңіз.Сәттілік!