Тема: Презентация туралы

Құрметті әріптестер, презентация туралы сұрақтар көп болып жатыр, сол себепті жазып отырмын.

Презентация 6 слайдтан тұрады, қорғуға 20-22 минут бөлінген, регламент сақтайсыздар. Төменде әр слайд не туралы болу керектігін жаздым. Қасындағы критерийлерге назар аударыңыздар
1-слайдта - Жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасына енгізуін, негіздеуі және көрсете алуы (2,1)
2-слайдта - Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына бір немесе бірнеше модульді енгізгенін негіздеуі (2,1)
3-слайдта  - Оқушылардың оқуының табыстылығы дәлелдемелері (2,3)
4-слайдта  - Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу тиімділігінің дәлелдемелері (2,3)
5-слайдта  - Оқыту мен оқу тәжірибесінде өзгерістерді енгізуді басқаруының дәлелдемелері (3,1)
6-слайдта  - Болашақ тәжірибеде пайдалану үшін қорытындылары (3,1)

Re: Презентация туралы

Кулизат апкей рахмет сіздің берген кеңесіңіз бойынша  тез түсіндім

3

Re: Презентация туралы

Біз нақты тұсаукесер туралы айтып отырмыз?