Тема: 1 топ тыңдаушыларына Айжаннан

Сәлеметсіздер ме? Қалайсыздар? Барлық есептеріңізді жазып болдыңыздар ма? Тестке дайындықтарыңыз қалай? Форумнан тек Алуа, Набира, Майра, Айгерім, Ләйлә, Нағима, Жазираларды ғана көрдім. Басқаларыңыз фамилияларыңызбен кіретіндіктен таппадым. Конференцияға отыруға уақытым сіздермен сәйкес келмей қалып жүр. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Алуа сенің ана күні бір сообщенияңды оқыдым. Сен онда дарынды оқушының жұмысын кіргізсем болады ма депсің. Бұл өте жақсы жұмыс қой. Ол үшін сен оқушының жұмысын қорғап тұрғанын суретке түсіріп ал, жұмыстарын да бөлек ал, өзің де сол оқушымен талқылып жатқаның туралы суретке түсіп алсаң рефлексияңның дарынды оқушымен жұмыс бөлігіне кіргізесің ғой. Ақыл айтты деп ренжіме, жәй өзімнің ойыммен бөліскенім ғой.